Accessibility links

Металлургтер кәсіподағы бас прокуратураға шағым жолдады


Қазақстан бас прокуратурасының Астанадағы ғимараты. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан бас прокуратурасының Астанадағы ғимараты. (Көрнекі сурет.)

Қарағанды облысы Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» металлургия комбинаты жұмысшыларының «Жақтау» кәсіподақ ұйымы Қазақстан бас прокуратурасына үндеу жолдады. Компанияның жыл сайын жұмысшылар санын қысқартуға бағытталған саясатына алаңдаушылық білдірген кәсіподақ комбинатта «штаттан тыс жұмыс күшін» пайдалану кезінде еңбек заңдылығының қалай сақталатындығына тексеру жүргізуді сұраған.

2014 жылдан бері «АрселорМиттал Теміртау» басқармасы кәсіпорында «штаттан тыс жұмыс күшін», яғни аутстаффинг қызметін пайдаланып келеді. Металлургтер кәсіподағы оған тыйым салуды сұрайды. 2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша болат департаментінде 400-ге жуық адам аутстаффинг бойынша жұмыс істейді. Металлургтер кәсіподағы дерегі бойынша, штаттан тыс жұмыс істейтіндер кәсіпорын жұмысшылары еңбекақысынан 35 пайызға және одан да көп мөлшерге аз ақша алады. Оған қоса бұлайша жұмыс істейтіндердің кепілді және өтемақы төлеміне, ұжымдық келісім арқылы әлеуметтік қорғауға қолдары жетпей, еңбек құқығы бұзылып отыр деп санайды кәсіподақ жетекшісі Виктор Щетинин.

Азаттық тілшісі металлургтер кәсіподағы жолдаған жазбаша үндеуі қолдарына тиген-тимегенін анықтау мақсатында және ол хатқа қатысты қандай іс-қимыл болатынын сұрап бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Баспасөз қызметінің өкілі бас прокурордың атына жазбаша ресми сауал жолдауға кеңес берді.

XS
SM
MD
LG