Accessibility links

Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрі қызметінен кетті


Асылжан Мамытбековтің ауыл шаруашылығы министрі кезіндегі суреті.
Асылжан Мамытбековтің ауыл шаруашылығы министрі кезіндегі суреті.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі. Бұдан бір күн бұрын Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі төрағалық еткен кеңесте Мамытбековке сөгіс жариялаған еді. Сол жиында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отставкаға кеткен.

Соңғы кездері Қазақстанның бірнеше аймағында өткен жаппай наразылық акцияларында ауыл шаруашылығы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігі атына сын айтылған еді. Рұқсат етілмеген жиындарға қатысушылар үкіметтің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру жоспарына қарсылық танытқан.

Асылжан Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрі қызметіне 2011 жылы сәуірде тағайындалған. Ол 2015 жылы кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп, «жаңа» үкімет тағайындалғанда да қызметінде қалған еді.

XS
SM
MD
LG