Accessibility links

Сейітқазы Матаевты үйқамақта 22 маусымға шейін қалдырды


Сейтқазы Матаев.
Сейтқазы Матаев.

Алматының Медеу аудандық 2-соты Қазақстан журналистер одағы төрағасы Сейітқазы Матаевты үйқамақта ұстау мерзімін тағы бір айға – 22 маусымға дейін ұзартты деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. Бұл туралы шешімді бүгін Медеу аудандық 2-соты судьясы Бауыржан Күншаев қабылдаған.

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынған. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толықанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады.

ҚазТАГ агенттігінің ақпараты бойынша, арасында ВВС, «Неміс толқыны», «РБК», «Россия-24», France Press және өзгелері бар шетелдік бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша өтетін сотқа қатысуға ниет білдірген.

XS
SM
MD
LG