БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің шешімі бойынша Қырғызстан билігі құқық қорғаушы Азимжан Асқаровты түрмеден дереу босатып, оған келген залалды өтеуі тиіс делінген Amnesty International (АІ) халықаралық құқық қорғау ұйымының мәлімдемесінде.
Ұйым Қырғызстан жоғарғы сотының БҰҰ-ның адам құқығы комитеті шешімі мен ел конституциясын ескеріп, Азимжан Асқаровтың ісін қайта қарауға ниетті екені жайлы 25 сәуірде жасаған мәлімдемесіне қолдау білдірген. Ал оған дейін БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитеті шешіміне сәйкес, азаптаудан зардап шеккен ар-ождан тұтқыны Азимжан Асқаровқа дереу бостандық беріліп, дәрігердің көмегіне мұқтаж оған жедел медициналық жәрдем көрсетілуін қамтамасыз ету қажеттігі айтылған.
21 сәуірде БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі сарапшылары Қырғызстан билігін Асқаровты түрмеден босатуға шақырған. Олардың пікірінше, заңсыз ұсталған Асқаров адам төзгісіз жағдайда отырған түрмеде оған қатыгездікпен қарайды, тұтқын сотта өзін қорғауды тиісті дәрежеде дайындау мүмкіндігінен айрылған.
Азимжан Асқаров 2010 жылымаусымдаҚырғызстанның оңтүстігінде Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында болған қақтығысты ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына түрме жазасына кесілген. Ол бұған қоса қақтығыс кезінде мерт болған полиция қызметкерінің қазасына да қатысы бар деп айыпталған.