Accessibility links

Украина президенті аймақ басшысын қызметінде қалуға көндірді


Украниа президенті Петр Порошенко (оң жақта) Закарпатье облыстық мемлекеттік әкімшілік басшысы Геннадий Москальмен әңгімелесіп отыр. Киев, 6 қараша 2015 жыл.
Украниа президенті Петр Порошенко (оң жақта) Закарпатье облыстық мемлекеттік әкімшілік басшысы Геннадий Москальмен әңгімелесіп отыр. Киев, 6 қараша 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко бұған дейін аймақтық кедендегі кадрлық өзгеріс жайлы шешімге келіспейтінін айтып, отставкаға кететіні туралы мәлімдеген Закарпатье облыстық мемлекеттік әкімшілік басшысы Геннадий Москальді қызметінде қалуға көндірген.

Порошенко сенбі күні кешке Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында Геннадий Москальмен кездесіп, сындарлы әңгіме өткізгенін хабарлаған. «Ол Закарпатьеде менің орталықсыздандыру жөніндегі бағдарламамды орындауды және коррупцияға қарсы табандылықпен күресуді ары қарай жалғастыра береді» делінген президент жазбасында.

Порошенко кеден бекеттерін арнайы сканерлермен жабдықтау, ал кедендік баж алымының бір бөлігін аймақтық инфрақұрылымдық жобаларға бағыттау идеясы қолдау тапқанын атап өткен.

Бұған дейін, 6 мамырда Геннадий Москаль елдің жақында жаңадан тағайындалған премьер-министрі Владимир Гройсманға жолдаған үндеу хатында Закарпатье кедені бастығын өзімен кеңеспей ауыстыруға байланысты отставкаға кететінін айтып, ол туралы Украина президентіне ұсыныс енгізуді сұраған. Москаль даулы кадрлық өзгеріс Еуропа Одағы елдеріне темекі өнімдерін контрабандалық жолмен таситын «темекі мафиясының» мүддесін қорғау үшін жасалған деп санайды.

XS
SM
MD
LG