Accessibility links

Сирияда үш испан журналисі тұтқыннан босатылды


Соғыстан қираған Дамаск қаласында мотоцикль мініп кетіп бара жатқан адам. (Көрнекі сурет.)
Соғыстан қираған Дамаск қаласында мотоцикль мініп кетіп бара жатқан адам. (Көрнекі сурет.)

Сирияда осыдан он ай бұрын белгісіз біреулер ұрлап әкеткен үш испан журналисі тұтқыннан босатылып, Түркияға жеткізілді деп хабарлайды ВВС. Испания журналистер федерациясының хабарлауынша, тілшіАнтонио Памплиега, фототілші Хосе Мануэль Лопес және оператор Анхель Састре бүгін Мадридке жетуі тиіс.

2015 жылы шілде айында Алепподағы шайқас туралы хабар дайындап жүрген үш журналисті ұрлап әкеткен еді. Олар «Әл-Нусра майданы» экстремистік тобы бақылауындағы ауданда жұмыс істеп жүрген. Үшеуі Сирияға Түркия шекарасы арқылы барғаны хабарланған.

Испания үкіметінің өкілі журналистерді тұтқыннан босатуға Түркия, Катар және өзге кейбір одақтас елдер жәрдемдескені туралы мәлімдеген.

Сирияда соғыс басталғалы бері әртүрлі елдерден барған бірнеше журналист қаза тауып, кейбірі ұшты-күйлі жоғалған. «Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау ұйымы Сирияны әлем бойынша журналистердің жұмыс істеуіне ең қауіпті жерге жатқызған.

XS
SM
MD
LG