Accessibility links

Пәкістанда танымал құқық қорғаушыны атып өлтірген


Пәкістандық құқық қорғаушы Хуррам Заки. Карачи, 8 сәуір 2016 жыл.
Пәкістандық құқық қорғаушы Хуррам Заки. Карачи, 8 сәуір 2016 жыл.

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында бүгін мотоцикль мінген белгісіз біреулер белгілі құқық қорғаушы Хуррам Закиді атып өлтіріп, тағы екі адамды жаралаған.

Полицияның хабарлауынша, Заки досымен бірге жол шетіндегі мейрамханада отырған кезде оған қарулы шабуыл жасалған. Оның досы мен сол жерде болған тағы бір ер адам ауыр жараланған. Қастандықтың артында кім тұрғаны әзірше белгісіз.

Құқық қорғаушы Хуррам Заки интернет сайттың және Facebook әлеуметтік желісінде оқырманы көп, дінге қатысты либералды көзқарасты насихаттайтын, экстремизмнің кез келген түрін айыптайтын ой-пікірлер жарияланатын Let Us Build Pakistan парақшасының редакторы болғаны айтылады.

Хуррам Заки сонымен бірге исламшыл экстремистер тірегі саналатын Исламабадтағы Қызыл мешіттің имамы Абдул Азизге қарсы науқанды қолдаған. Белсенділер имамды елде шабуылдарға жиі ұшырайтын шиит азшылығына қарсы экстремистік күштерді айдап салып отыр деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG