Accessibility links

Кишиневтегі әскери көрмеге АҚШ техникасы да қойылды


Молдоваға келген АҚШ әскерилері. 2-3 мамыр 2016 жыл.
Молдоваға келген АҚШ әскерилері. 2-3 мамыр 2016 жыл.

Кишиневте үкімет ғимараты алдында бүгін ашылған көрмеге Молдова және АҚШ әскери техникаларының 20-ға жуық үлгілері қойылған. Ұлы ұлттық жиын алаңында әскери техникалар қойылған жерде Молдова мен АҚШ мемлекеттік тулары ілінген деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

АҚШ пен Молдова әскерилері көрмеге келгендерге далалық асханада әзірленген тағамдар ұсынған. Бұған дейін көрме Жеңіс күні – 9 мамырда өтеді деп хабарланған, бірақ техникаларды көрме өтетін жерге одан ертерек жеткізген.

Молдованың оппозициялық социалистік партиясы мереке күні америкалық әскери техника көрмесін өткізуге жол бермейтіні туралы мәлімдеген. Социалистер жетекшісі Игорь Додон өз жақтастары 9 мамыр күні АҚШ әскери техникасының жолын бөгеу үшін Кишиневке кіретін жолға тосқауыл қоятыны туралы хабарлаған.

3 мамырда Молдоваға осы елдің қарулы күштерімен бірге Dragon Pioneer әскери жаттығуын өткізу үшін 200-ге жуық АҚШ әскери қызметкерлері келген. Мамырдың 20-сына дейін жалғасатын жаттығуға қатысатын 58 дана әскери техника да Молдоваға жеткізілген.

XS
SM
MD
LG