Мәскеу билігі Татарстаннан шыққан азаматты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының құрамына адам тартты деген күдікпен ұстады. Ресей ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ирина Волк аты-жөні жарияланбайтын күдікті Рсеейде тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир"ұйымының құрамында болған дейді. Волктің хабарлауынша, күдікті тергелу үшін Татарстан билігіне берілген.
Ресей жоғарғы соты 2003 жылы "Хизб-ут-Тахрирді" террористік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған. Ұйым Орталық Азияның бірнеше елінде де заңсыз деп танылған.
Лондонда орналасқан "Хизб-ут-Тахрир" сүнниттік саяси ұйымы мұсылман елдерін "ислам халифатына" біріктіргісі келеді. "Хизб-ут-Тахрир" мүшелері ұйымдарының "бейбіт мақсатты көздейтінін" айтады.