Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында болған жарылыстан екі жұмысшы қаза тапқан. Төтенше оқиға зауыттағы №4 балқыту цехында 8 мамыр күні болғанымен, ол туралы ақпарат бүгін ғана белгілі болды.
Ақпаратқа қарағанда, зауытта Қарағандыдан келген жалдамалы отряд жұмысшылары зауыт құрал-жабдықтарының гидрожүйесін керосинмен жуып, тазалап жатқанда жарылыс болған. Бұдан соң құрал-жабдық өртенген. Екі жұмысшы оқиға орнында мерт болған.
Зауыттағы төтенше оқиғаны арнайы комиссия тексеріп жатыр.