Accessibility links

Албания Грузия азаматтары үшін визасыз жүру тәртібін енгізді


Албаниядағы Берат қаласы. (Көрнекі сурет.)
Албаниядағы Берат қаласы. (Көрнекі сурет.)

Грузия азаматтарына 15 мамырдан 1 қарашаға дейін Албанияға визасыз бару тәртібі енгізіледі. Албанияға бару үшін Грузия азаматтарына шетелге шыққанда көрсетуге жарамды паспорты болса жеткілікті. Олар Албания территориясында 90 күнге дейін визасыз бола алады деп хабарлайды Geomigrant.com сайты Albania Service басылымына сілтеме жасап.

Албания билігі үнемі туристік маусым кезінде визасыз режимді енгізеді. Бірақ оның мерзімі жыл сайын өзгеріп отырады. Мысалы, 2015 жылы Грузия және өзге де бірқатар елдердің азаматтары үшін виза тәртібі маусым айының 1-інен бастап тоқтатылған болатын деп хабарлайды ресейлік «Новости» ақпарат агенттігі.

Грузия қазір виза жеңілдігі жөнінде Еуропа Одағымен де келіссөздер жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG