Accessibility links

БАҚ: Қырымда демалатын ресейліктер саны азайды


Қырымдағы демалыс орындарының бірі (Көрнекі сурет).
Қырымдағы демалыс орындарының бірі (Көрнекі сурет).

Өткен жылмен салыстырғанда биыл Қырымға жолдама алған ресейліктер саны азайған. "Коммерсанть" басылымының хабарлауынша, бірқатар агенттіктерде Симферопольге билет сату көсреткіші азайған. Ал кейбір фирмалар Қырымға жолдама бағасын 30 пайызға қымбаттатқан.

Басылымның ақпаратына қарағанда, бұған дейін демалуға әдетте Түркия мен Египетке баратын ресейліктердің биыл тек бестен бірі 2014 жылы заңсыз аннексияланған Қырымға баруға шешім қабылдаған. Ресейдегі ең белгілі шипажайлар Сочи, Анапа және Геледжик саналады. Демалушылардың көпшілігінің пікірінше, бұл шипажайлардағы инфрақұрылым сапасы Қырым шипажайларынан жоғары.

XS
SM
MD
LG