Азаттықтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Дилара Исаны бүгін сағат 15-ке Еңбекші аудандық прокуратурасына шақыртты. Хатты өзін "учаскелік полиция инспекторы Еркін Балабаев" деп таныстырған полицей мен тағы бір полицей жеткізді.
Дилара Исаның үйіне әкеп табысталған, аудан прокуроры М.Сматовтың қолы қойылған шақыртуда Азаттық тілшісін "өзіне қатысты мәселе бойынша" шақыртылатынын айтылған. Хатты
Хатта прокуратураға бару міндетті екені, "егер талапқа бағынбай, себепсіз келмеген жағдайда еріксіз түрде алдырумен қатар әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туындайтыны" ескертілген.
Дилара Исаның Шымкент қаласындағы үйіне бұған дейін, 17 мамыр түнгі 22.30 шамасында өздерін "Еңбекші аудандық учаскелік полиция инспекторларымыз" деп таныстырған екі адам келіп, ертең таңертең прокуратураға шақырылуы мүмкін екенін ескерткен еді.
Дилара Иса Оңтүстік Қазақстанда болған жер даулары мен үкіметтің жер реформасына наразы белсенділер туралы репортаждар әзірлеген. Соңғы күндері Қазақстанның бірнеше облысында 21 мамырда жер реформасына қарсы митингіге шығу ниетін жариялаған азаматтық белсенділер мен әлеуметтік желі қолданушылары жаппай тергеуге шақырылып жатыр.