Accessibility links

Алматылық тұрғынға митингіге шықпайтыны туралы қолхат жаздырды


Алматы көшесінде жүрген полицейлер (Көрнекі сурет).
Алматы көшесінде жүрген полицейлер (Көрнекі сурет).

Алматыда полиция ұстап әкеткен тұрғын Райхан Қалиеваға митингіге шықпау туралы қолхат жаздырды. Азаттыққа бұл туралы хабарлаған Райхан Қалиеваның айтуынша, оның бүгін түскі сағат 13 шамасында полиция үйінен ұстап әкетіп, қалалық ішкі істер департаментіне апарған.

- Департаментте бір сағаттай уақыт тергеді. Жер мәселесіне қатысты пікірімді сұрап, рұқсат етілмеген митингіге қатысудағы жауапкершілігім туралы хабардар етті. Сосын 21 мамыр күні митингіге қатыспайтыным туралы қолхат жаздырып, босатты, - дейді Қалиева.

Бұдан бірер сағат бұрын Райхан Қалиеваның туысы Берік Қалиев әпкесін полиция ұстағаны туралы хабарлаған. Қалиев өзі бұған дейін Алматы қалалық әкімдігіне 21 мамыр күні "жер мәселесіне" қатысты бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұрап өтініш бергендердің бірі болғанын айтқан. Алматы әкімдігі 16 мамырда белсенділерге митингке рұқсат беруден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG