НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері 19 мамырда Брюссельде Черногорияның осы альянсқа қосылуы туралы хаттамаға қол қойды.
НАТО елдерінің парламенті хаттаманы мақұлдаған соң бұрынғы Югославия құрамында болған, 600 мың ғана адамы бар Черногория НАТО-ның 29-мүшесі болады.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Черногорияның альянсқа қосылуы туралы құжатқа қол қойылғанын тарихи оқиға деп атады. Оның сөзінше, Черногория тәуелсіздік алған 10 жылда реформалар жүргізіп, еуропалық интеграция мен аймақтық ынтымақтастыққа үлкен үлес қосты. Черногория делегациясының басшысы ретінде Брюссельге барған ел премьер-министрі Мило Джуканович "интеграциялық процестерге балама жоғын" айтады.
Черногория НАТО-ға мүшелікке қабылдануға 2015 жылы желтоқсанда шақырту алған. Болжам бойынша, бұл ел НАТО-ға шартты түрде келесі жылы кіреді. Бірақ Черногория қазірдің өзінде НАТО кездесулеріне бақылаушы ретінде қатыса алады.
Черногориядағы оппозицияның бір бөлігі елдің НАТО-ға кіруіне қатысты референдум өткізуді талап еткен. Мұны солтүстік альянстың кеңеюіне қарсы Ресей қолдайды. НАТО-ға қосылуға қарсылар "қоғамда бұл идея жеткілікті қолдауға ие емес" дейді.