Accessibility links

Батыс елдері бизнесмендерді Иранмен жұмыс істесуге шақырды


Иран туы (Көрнекі сурет).
Иран туы (Көрнекі сурет).

Иранмен ядролық келісім жасасқан Батыс елдері жеке компаниялар көп жыл бойы халықаралық санкцич салынған Иранмен келісім жасасудан бас тартпауы тиіс екенін мәлімдеді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Еуропа Одағы (ЕО) 19 мамырда бірлесе жасаған мәлімдемесінде Тегеран шектеулерді алып тастауға, оның ішінде "еуропалық банктер мен компнаияларды тартуға" еңбек сіңіргені айтылады.

Батыстық державалар бұған қоса қалыптасқан ережелер бұзылмаса "Иранмен заңды іскерлік келісімдерге кедергі келтірмейтінін" де білдірді.

Иранмен 2015 жылы шілдеде жасалған келісім бойынша биыл ақпанда Тегеран өз міндеттемесін орындаған соң экономикалық санкциялар алынған. Вашингтон дегенмен Иран Таяу Шығыстағы кейбір қарулы топтарды қолдайды және баллистикалық зымыран бағдарламасын дамытып жатыр деген күдікпен кейбір шектеулерді күшінде қалдырған.

Тегеран әлі де күшінде қалған санкциялар келісім күшін толықтай қолдануға мүмкіндік бермейді дейді. Вашингтон барлық міндеттеме толықтай орындалуы тиіс дейді.

XS
SM
MD
LG