Accessibility links

Кей аймақтарда Азаттық сайты ашылмай қалды


Азаттықтың қосымшасы (Көрнекі сурет).
Азаттықтың қосымшасы (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 21 мамырға қараған түннен бастап Азаттық сайты (azattyq.org) бірқатар аймақтарда ашылмай қалды. Интернет қолданушылардың хабарлауынша, Алматы, Астана, Шымкент, Атырау қалаларында Азаттық сайтына компьютерден де, мобильді қосымшасына да кіру қиындаған.

Азаттық сайты осыған байланысты интернет қолданушыларға өзінің қосымша http://azatkaz.info адресі арқылы жұмыс істейтінін хабарлайды.

Қазақстанда сонымен қатар 21 мамырға қараған түннен бастап Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті "Уральская неделя" басылымының сайты да ашылмай қалғаны да хабарланды.

Қазақстанда соңғы күндері 21 мамырда күні жер мәселесіне қатысты митинг өткізуге шақырған үндеулерден соң белсенділер мен әлеуметтік желілерде митинг жайлы, жер мәселесіне қатысты пікір жазғандарды қамау, ескерту жасау оқиғалары жиілеген.

20 мамырда Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов қазақстандықтарды жер мәселесіне қатысты "рұқсат етілмеген" митингіге қатысқаны және оған қатысуға шақырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG