Accessibility links

Обама "Талибан" басшысының көзі жойылғанын растады


"Талибанның" көзй жойылған басшысы Мулла Ахтар Мансур.
"Талибанның" көзй жойылған басшысы Мулла Ахтар Мансур.

АҚШ президенті Барак Обама "Талибан" басшысы Мулла Ахтар Мансурдың көзі жойылғанын растап, оның өлімін Ауғанстанда бейбітшілік орнату әрекетіндегі "маңызды алға жылжу" деп атады.

"Біз АҚШ пен коалиция күштеріне қарсы шабуыл жасауын жалғастырып, ауған халқына соғыс ашып отырған және өзін "Әл-Қаида" сияқты ұйыммен теңестіретін қозғалысты жетекшісінен айырдық" деді Обама 23 мамырда таратқан мәлімдемесінде.

Ауғанстан билігі бұған дейін Мулла Ахтар Мансур 21 мамыр күні АҚШ әскери күштерінің Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Ауғанстанмен шекарасындағы Белуджистан провинциясында дрон ұшқышсыз басқарылатын ұшақтан жасаған шабуылынан қаза тапқанын хабарлаған.

Пәкістан сыртқы істер министрлігі АҚШ Исламабадты шабуыл туралы алдын ала ескертпеді деп, шабуылды өзінің егемендігін бұзды деп мәлімдеді.

Мансур 2015 жылы шілдеде "Талибан" басшысы болып жарияланған. Мұның алдында ауған үкіметі "Талибан" жетекшісі Мулла Мохаммад Омардың Пәкістанның Карачи қаласында екі жыл бұрын қаза тапқанын растаған еді.

XS
SM
MD
LG