Accessibility links

Бішкек шетелдік жұмысшылар санын азайтуды қарастырып жатыр


Қырғызстанның Шу облысындағы қытайлық жұмысшылар (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Шу облысындағы қытайлық жұмысшылар (Көрнекі сурет).

Қырғызстан билігі елде шетелдік мигранттардың келу тәртібін реттейтін заң жобасын дайындап жатыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Қырғызстан мемлекеттік миграциялық қызметінің басшысы Бакыт Адыловтың Азаттыққа айтуынша, Қырғызстанға келетін шетелдік мигранттардың 85 пайызына жуығын Қытай азамтатары құрайды.

Заңнамаға ұсынылған өзгерістер бойынша, кәсіпорындар мен компнаиялардағы шетелдік жұмысшылар саны 10 пайыздан, ал басшылық құрам мен жетекші мамандар саны 20 пайыздан аспауы тиіс.

"Бұрын мұндай талап болмаған. Жаңа заң ішкі еңбек нарығын реттеу және азаматтарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін дайындалып жатыр" деді Адылов. Ол заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылғанын жеткізді.

XS
SM
MD
LG