Accessibility links

Бешімбаев: Пантеон салуға қаржы жоқ


Астана (Көрнекі сурет).
Астана (Көрнекі сурет).

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бешімбаев Астанада ұлттық пантеон салуға қаржы жоғын мәлімдеді.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Астанада шетел инвесторлары кеңесі жиыны арасында журналистер сұрағына жауап берген Бешімбаев биыл және келесі жылы да бюджеттен пантеон салуға қаржы қарастырылмағанын айтқан.

Астана қаласы мәслихаты 26 мамырда пантеон құрылысын салу үшін қала аумағын кеңейту туралы шешім қабылдаған. Ол бойынша, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қабанбай батыр және Талапкер ауылдық окургтері территорияларынан 1419 гектар жер берілмек. Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен идея бойынша Астана қаласынан 13 шақырым қашықтықта аумағы 959 гектарды құрайтын ұлттық пантеон салу жоспарланып отыр.

Осы айдың басында қазақстандық баспасөз құралдары пантеон құрылысы 79 миллиард теңгеге (шамамен 235 миллион доллар) жуық соманы құрауы мүмкін деп хабарлаған еді. Бұл хабар әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырған. Пантеон салу қажеттігіне күмән білдірген кейбір қолданушылар оның құрылысынан гөрі қаржыны әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсау туралы ұсыныс айтқан.

Кейін Астана әкімдігі техникалық-экономикалық негіздеме бойынша пантеон құрылысына әуелде 2,3 милилард теңге қажет деп болжанғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG