Accessibility links

Ajip-тің бұрынғы қаржы менеджері Қазақстаннан шығарылды


Атырау қалалық соты (Көрнекі сурет).
Атырау қалалық соты (Көрнекі сурет).

Атырау қалалық соты Италия азаматы Флавио Сидагниді Қазақстан шекарасынан шығару туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ajip KCO компаниясының 62 жастағы бұрынғы қаржы бақылау менеджері Флавио Сидагни Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен 2014 жылдың 1 тамызында мерзімінен бұрын 1 жыл 8 ай 18 күнге шартты түрде босатылған.

«Флавио Сидагни шартты түрде босаған соң Ақтау қаласына барып, жұмыс жасаған. 2016 жылдың 19 сәуірінде жазасының мерзімі аяқталғаннан кейін Атырау қаласына келіп, миграциялық полициядан еліне кету үшін визаны ресімдеуге келген. Алайда Сидагнидың соттылығы жойылмаған, ол Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына, адамгершілігіне қарсы ауыр қылмыс жасаған» делінген Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемде.

Флавио Сидагни 2010 жылы 14 қыркүйекте қылмыстық кодекстің ескі редакциясының 259-бабының 3-бөлімімен «аса ірі көлемде заңсыз есірткі сақтады, сатты, тұтынды» деп айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сидагниды сол жылы ол тұрып жатқан Атыраудағы River Palace қонақүйінен тұтқындаған. Атырау облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлері оның қонақүйдегі бөлмесінен ірі мөлшерде гашиш (112,73 грамм) пен канабис шайырын (57,53 грамм) таптық деп хабарлаған еді. Алайда айыбын мойындамаған Сидагни оны Амстердамнан жеке тұтынуы үшін алып келгенін айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG