Accessibility links

Байден Порошенконы Савченконың бостандыққа шығуымен құттықтады


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен АҚШ вице-президенті Джозеф Байден.
Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен АҚШ вице-президенті Джозеф Байден.

АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Украина президенті Петр Порошенконы украиналық әскери қызметші Надежда Савченконың бостандыққа шығуымен құттықтап, Ресейде заңсыз ұсталған барлық украиналықтарға бостандық берілуін қолдайтынын айтқан. Байден мен Порошенконың телефонмен әңгімелескені туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлаған.

Ресми хабарлама бойынша, Байден мен Порошенко Украина бас прокуратурасында реформа жүргізу және елде сот реформасын жүзеге асырудың маңызын талқылаған. Сонымен бірге әңгіме барысында Украинаның экономикалық реформаларды халықаралық валюта қоры шарттарына сәйкес жүргізуі жайлы сөз болған.

Телефон әңгімесі кезінде Байден мен Порошенко Украинаның шығысында Ресейдің қолдауына сүйенген сепаратистік күштердің қатысуымен болатын қақтығыстардың жиілеп кеткенін айыптап, Минск келісімдерін орындау үшін ілгері қадамдарды жалғастыру қажеттігін қуаттаған деп хабарлайды Ақ үй.

Украина президенті мен АҚШ вице-президенті сонымен бірге Ресейдің Қырым татарларын қудалауын айыптаған.

XS
SM
MD
LG