Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 887 километр қашықтықта 5,3 магнитуданы құрайтын жер сілкінді.
Білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі Ауғанстан аумағында, Алматы уақыты бойынша сағат 12:46 кезінде болған.
Жер сілкінісі жердің 25 километр терең қабатында болған. Жерасты дүмпуінің Қазақстан аймағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.