Accessibility links

Украинаның шығысында бес адам қаза тапқан


Горловка маңындағы Зайцево селосында совет жауынгерлері ескерткіші қасынан өтіп бара жатқан қарулы сепаратист. Донецк облысы, Украина. 26 мамыр 2016 жыл.
Горловка маңындағы Зайцево селосында совет жауынгерлері ескерткіші қасынан өтіп бара жатқан қарулы сепаратист. Донецк облысы, Украина. 26 мамыр 2016 жыл.

Донбаста өткен тәулікте украиналық бес әскери қызметкер қаза тауып, төрт адам жараланған деп хабарлады Украина президенті әкімшілігінің елдің шығысындағы әскери операциялар мәселелері жөніндегі өкілі Александр Мотузяник.

Киев өткен тәулікте сепаратистер Донецк, Мариуполь және Луганск бағыттарында үкіметі күштері позицияларын 30 рет атқылап, келісімді бұзды деп мәлімдеді. Ресейшіл сепаратистер болса Спартак, Жабичево, Веселое селолары мен Докучаевск қаласы маңында қарудан атқылады деп украиналық әскерилерді айыптады.

Киев пен Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы сепаратистерге әскерилері мен қару-жарақ жіберіп қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Кремль мұндай айыптауларды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG