Accessibility links

Астанада ертең ЕАЭО елдері басшылары кездеседі


ЕАЭО-ға мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Қырғызстан басшылары. Астана, 16 қазан 2015 жыл.
ЕАЭО-ға мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Қырғызстан басшылары. Астана, 16 қазан 2015 жыл.

31 мамырда Астанада Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді. Оған Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіретін бес ел басшылары қатысады.

Қазақстан президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта кеңес жиынына Армения президенті Серж Саргсян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей президенті Владимир Путин қатысатыны айтылған. Жиында ЕАЭО-ның қызмет етуі, бірқатар шет мемлекеттермен сайда-саттық саласындағы өзара байланыс орнату мәселелері талқыланбақ.

Кремль сайтындағы ақпаратта ЕАЭО елдері интеграцияны дамыту келешегін, оның ішінде "газ, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын" құруды талқылайтыны айтылған. Кремль баспасөз қызметі Назарбаев пен Путин екеуара кездеседі деген жоспар барын да айтады.

XS
SM
MD
LG