Accessibility links

Қырғызстанда ішкі істер министрі отставкаға кетті


Қырғызстанның отставкаға кеткен ішкі істер министрі Мэльс Турганбаев.
Қырғызстанның отставкаға кеткен ішкі істер министрі Мэльс Турганбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елдің ішкі істер министрі Мэльс Турганбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады.

Президенттің баспасөз қызметінің 30 мамырда хабарлауынша, Атамбаев Бішкек қалалық полиция департаментінің басшысы Кашкар Жунусалиевті ішкі істер министрі қызметін атқарушы етіп тағайындап, үкіметті оны жаңа министр ретінде бекітуге шақырған.

Турганбаевтың не үшін отставкаға кеткені айтылмайды.

Турганбаев ішкі істер министрі қызметін 2014 жылдан бері атқарған. Мұның алдында ол төрт жыл министрдің орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG