Accessibility links

"Еуразия+ОРТ"-ге қатысты алдын ала сот тыңдауы кейінге қалды


"Қазақстан бірінші арнасына" қарсы шағым берген заңгер Нұрхан Жұмабеков сотта отыр. Алматы, 30 мамыр 2016 жыл.
"Қазақстан бірінші арнасына" қарсы шағым берген заңгер Нұрхан Жұмабеков сотта отыр. Алматы, 30 мамыр 2016 жыл.

Бостандық ауданының азаматтық істер бойынша сотында бүгінге белгіленген "Қазақстанның бірінші арнасына" ("Первый канал Казахстана") телеарнасына қарсы шағым бойынша соттың алдын ала тыңдауы кейінге қалдырылды. Бұған жауапкер тарап - телеарна адвокатының келмей қалуы себеп болды.

Қарағандылық заңгер Нұрхан Жұмабеков бұған дейін "Қазақстанның бірінші арнасы" қарайтын "Еуразия+ОРТ" компаниясының үстінен шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде 100 мың теңге талап еткен. Шағымға телеарна жүргізушісі Аймира Шаукентаеваның эфирде айтқан сөзі - жер мәселесі бойынша митингтерді өткізген адамдарға "ақша төленгені" туралы таратқан хабары себеп болған.

Судья Татьяна Черныш телеарна өкілдері хабарласып, адвокаттың іссапардан келе алмай қалғанын айтып, сот тыңдауын кейінге қалдыруды сұрағанын жеткізді. Судья алдын ала сот тыңдауын 8 маусым күні таңғы сағат 9-ға белгіледі.

Бұдан соң судья Черныш пен шағымданушы Жұмабековтің арасында аз-кем диалог болды. Судья Жұмабековке "Сіз шағымыңызда моральдық шығын талап етіп отырған ақпаратты терістеу туралы талап қоймапсыз. Мұндай талап қоясыз ба? Шағымыңызды осыған байланысты толықтырасыз ба, әлде солай қалдырасыз ба?" деп сұрады. Заңгер азаматтық кодекс пен басқа да әкімшілік заңдарға сүйеніп, телеарнадан ақпаратты терістеуді талап етпейтінін айтты.

"Еуразия+ОРТ" соты тыңдауы өтпеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG