Accessibility links

Шымкентте қуғын-сүргін құрбандарын еске алып жатыр


Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған митинг. Шымкент, 31 мамыр 2016 жыл
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған митинг. Шымкент, 31 мамыр 2016 жыл

Шымкентте бүгін "Қасірет" мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған митинг болды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Облыс әкімдігі ұйымдастырған жиынға бір мыңға тарта адам жиналды.Митинг өтіп жатқан жерде полиция қарасы мол.

Митингіде Азаттық тілшісі Дилара Исаға келіп, өзін "полиция майоры" деп таныстырған, азаматтық киім киген ер адам тілшіден қандай сурет түсіріп жатқанын сұрап, митингіден үйіне қайтуды ескертіп, үйіне дейін апарып тастайтынын айтқан. "Не үшін үйіме қайтуым керек?" деген тілшіге "полиция майоры" "бастықтың тапсырмасы" екенін айтты. Бір сағаттай уақыт болған митингіден кейін еске алу шарасы мұражайда жалғасты. Митингіден мұражайға барған Дилара Исаға әлгі полицей қасына тағы бір адамды ертіп келгенімен, өздерінің енді "тек мұражайды аралау үшін жүргенін" айтты.

Бұл полицей мен тағы бір полиция қызметкері 21 мамыр күні Дилара Исаны таңертең кәсіби қызметін атқармақ болып үйінен көшеге шыққан кезде полиция басқармасына алып кетіп, үш сағаттай ұстаған еді.

XS
SM
MD
LG