Accessibility links

WFF: Өзбекстан - құлдық кең тараған бес елдің бірі


Өзбекстанда алқапта мақта теріп жүрген адамдар (Көрнекі сурет).
Өзбекстанда алқапта мақта теріп жүрген адамдар (Көрнекі сурет).

Австралиялық Walk Free Foundation (WFF) ұйымы жариялаған жаңа есепте Өзбекстан мен Пәкістан қазіргі заманғы құлдық түрлері кең тараған бес ел қатарына кіреді. Өзбекстан елде мақта жинауға халықты жұмылдыратындықтан әлемде халық санына шаққандағы құлдық деңгейі жөнінен екінші орында тұр.

Ұйым есебінше, әлемде 46 миллион адам құлдықта жүр. Ұйым Өзбекстан құлдыққа түскен адам саны жағынан Солтүстік Кореядан кейінгі орында дейді.

XS
SM
MD
LG