Семейде 15 тәулікке қамалған Роллан Машпиев бүгін сағат 15:00 шамасында қамаудан босап шықты. Бұл турасында семейлік белсенді Марлан Есілбаев хабарлады. Оны таныстары, туыстары қарсы алған.
Марлан Есілбаевтың айтуынша, қамаудан босап шыққан Роллан Машпиев бұрын саяси белсенділік танытпаған қарапайым азамат. 38 жастағы Ролланның үш баласы бар, экономика саласының маманы.
Кешеден бері Алматы мен Астанада да 15 тәулікке қамалған белсенділер бостандыққа шыға бастаған.
"21 мамырда жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді" деген ақпарат тараған соң мамырдың 17-сінен бастап 30-ға тарта адам ұсталып, 10-15 тәулікке дейін қамалған.
21 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы митингіні полиция болдырмай, оған қатыспақ болған ондаған адамды ұстаған. Ұсталғандардың кейбіріне митингіге қатысты айып тағылып, әкімшілік айыппұл салынған. Ұсталғандар арасында ондаған журналист пен азаматтық белсенділер де болған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?