Accessibility links

Ходорковский «реформа командасын» жасақтамақ


Михаил Ходорковский.
Михаил Ходорковский.

Ресейлік ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский болашақта Ресейге оралу ниеті барын, бірақ қазіргі режимнің ауысуы әлі ұзақ мерзімнің еншісіндегі мәселе екенін айтқан. Euronews телеарнасына сұхбатында ол өзі үшін басты мәселе – режим ауысқаннан кейін қажетті реформаларды жүргізуге қолдау танытуға қабілетті саяси команда жасақтау екенін мәлімдеген.

Ходорковский Ресейдегі қазіргі билікті кешегі «бас хатшылар» заманынан белгілі автократиялық жүйеге ұқсас» деп атап, «Владимир Путиннің ролін зорайтудың қажеті жоқ» екенін айтқан.

Бұрынғы олигарх қазіргі режим биліктен кеткен соң елді қабылдап алып, екі жыл ішінде Ресейде алғашқы әділетті сайлау өткізуге мүмкіндік туғызуға қабілетті «реформалар командасын қалыптастыруды» өзінің басты міндеті санайтынын айтқан.

Ходорковский Батыс елдерінің Путиннің маңайындағыларға қарсы қазіргідей санкциялық қысымын «мағынасыз» деп атаған. Бірақ бұл санкциялар Путиннің бұлталаққа салу мүмкіндігін қиындатып, оның «опричниктерін сыйақымен жарылқауын» тоқтатуына себеп болды дейді Ходорковский.

XS
SM
MD
LG