Accessibility links

The Spirit оf Tengri-2016 фестивалі

Алматыда маусымның 4-і күні басталған төртінші The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестивалі екінші күн жалғасып жатыр. Республика сарайы алдындағы алаңда екі кеш бойы өтетін өнерпаздар концерті жұртшылыққа тегін көрсетіледі.

Осымен төртінші рет өткізіліп отырған фестиваль бағдарламасында Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Эстониядан барлығы 13 қатысушы өнер көрсетеді. Олар ұлттық әуендерді қазіргі заман нақышына салып, ұлттық саз аспаптарымен бірге электронды аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.

XS
SM
MD
LG