Accessibility links

Министр Абаев Ақтөбедегі жағдайға қатысты пікір білдірді


Дәурен Абаев, Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі.
Дәурен Абаев, Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ақтөбеде 5 маусым күні болған жағдайларға қатысты пікір білдірді.

Facebook парақшасындағы Абаев Ақтөбедегі шабуылдарда "лаңкестердің қолынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қөңіл айтып, жаралағандардың сауығып кетуін тілейтінін" жазды. Мұндай күрделі кезде қоғамдағы көп жағдай "елдің ақпараттық алаңына да байланысты" екенін айтқан министр ішкі істер министрлігі ақпаратты жедел тексеріп, дер кезінде беріп отырғанын" айтқан.

Біздің полицейлер мен әскерилер қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, экстремистердің қылмыстық әрекеттерінің соққысын өздеріне қабылдады. Мұндай күрделі кезеңдерде қоғамдағы тұрақтылық көп жағдайда ақпараттық алаңға да байланысты. Сондықтан да ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріме дер кезінде ақпарат беріп отырғандары үшін алғыс айтқым келеді" - деп жазды министр Facebookпарақшасында.

Абаев журналистер жағдайдан хабар таратқанда ақпараттарды ресми дереккөзіне сүйеніп бергенін айтқан.

5 маусым, жексенбі күні бір топ белгісіз адам Ақтөбедегі "Паллада" және Пантера" қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасаған. ІІМ дүкенге шабуылдан үш адам қаза тауып, шабуылдаған үш адамның атыс барысында көзі жойылғанын айтады. Ресми мәлімет бойынша, дүкендерге шабуылдан барлығы бес адам - оның ішінде үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын, бір шабуыл жасаушы жараланған.

Әскери бөлімге жасалған шабуылдан әскери үш қызметкер қаза тауып, алтауы жараланған.

Полиция шабуыл жасап, қашып кеткен бірнеше күдіктіні іздеп жатыр.

XS
SM
MD
LG