Accessibility links

Атырауда істі болған белсенділерді қолдау тобы құрылды


Қамалған белсенділерді қолдау тобының отырысы. Атырау, 6 маусым 2016 жыл.
Қамалған белсенділерді қолдау тобының отырысы. Атырау, 6 маусым 2016 жыл.

Атырауда жер туралы митингіден соң қамауға алынған сегіз адамды қолдаушы бастамашыл топ жұмыс істеп жатыр. Топтың қатысушыларының бірі Әсел Нұрғазиеваның Азаттыққа айтуынша, бастамашылар тобы өз жұмысын 25 мамырда бастаған.

Топтың белсенді мүшелерінің бірі Сергей Шутовтың Азаттыққа мәлімдеуінше, бастамашыл топ «билікті күштеп құлатпақ болды» деп айыпталып отырған сегіз адамға құқықтық және материалдық жәрдем көрсету үшін құрылған. Еріктілерден біріккен топ қамауға алынғандар мен олардың отбасына қажетті шығындарды өтеу үшін қаржы жинаумен, қоғамға қамауға алынғандардың тағдырына қатысты шынайы, әділ ақпарат таратумен айналысады.

- Азаматтық белсенділерге негізсіз тағылған айыпқа қоғамның назарын аударуға тырысамыз. Топтың арасында қамауға алынғандардың туған- туыстары, қоғамдық бірлестіктер мен адам тағдырына бей жай қарағысы келмейтін қала тұрғындары бар.Бұл әділетсіздікпен біз бірге күресеміз, -дейді Шутов.

Атырауда сәуір айында болған жер реформасына байланысты рұқсат етілмеген ауқымды митингтен соң «билікті күшпен құлатпақ болды» деген айыппен бес адам екі айға қамауға алынған еді. Оның екеуі бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынса, екеуі үй қамақта отыр, тағы бірі кепілмен бостандыққа шығарылған. Қалған үш адам айыптыларға қатысты істе куә ретінде танылған.

XS
SM
MD
LG