Accessibility links

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік күшейтілді


Астана әуежайы (Көрнекі сурет).
Астана әуежайы (Көрнекі сурет).

Ақтөбедегі шабуылдардан соң Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің басшысы Бекен Сейдахметовке сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты.

Сейдахметовтің сөзінше, Қазақстанда террорлық қауіп-қатердің "сары деңгейі" жариялануына байланысты әуежайларда қосымша тексеру жүргізіледі. Комитет басшысы жолаушыларды қосымша тексеруден бөгелмес үшін әуежайға ертерек келуді сұраған.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і - шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі - бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар "радикалды діни топ жақтастары" болуы мүмкін дейді.

Шабуылдан соң Ақтөбеде террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы "қызыл сызығы" деңгейі жарияланған. Ал 6 маусымда Қазақастанда 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің "сары деңгейі" жарияланған.

XS
SM
MD
LG