БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының мәліметінше, 2014 жылдан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропа Одағына (ЕО) кірмек болған 10 мыңнан астам адам мерт болған. Бірер күн бұрын ғана ЕО Африкадан келетін мигранттар санын азайту жоспарын жариялаған. Соңғы апталарда Жерорта теңізі аймағында бірнеше қайғылы оқиға болған.
Өткен жылы Жерорта теңізнде қаза тапқандар саны күрт артып, 2 мың 814 адамға жеткен. 2014-2016 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 10 мың 85 адамға жеткен.
ЕО-ның мигранттар ағынын азайту жоспарына сай, Брюссель мигранттар келетін басты елдер, оның ішінде Эфиопия, Нигер, Нигерия, Мали және Сенегалға 60 миллиард долларға дейін жеке инвестиция салуды көздейді. Сонымен қатар Ливан мен Иорданияға да инвесторларды тарту жоспарланып отыр.