Accessibility links

Шойгу: Ресей Сириядағы тәжірибесін Астанамен бөлісуге даяр


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанада Қазақстан қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуінде Ресей Қазақстанға Сирияда әскери операция жүргізу тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Шойгу мен Тасмағамбетов Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтмақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері қорғаныс министрлерінің жиынында кездесті.

"Біз Сириядағы Ресей әскерін "Ислам мемлекет", Джабхат ан-Нусра" террористік топтарымен күреске қолдану және жедел жоспарлау тәжірибесімен бөлісуге дайынбыз" деген.

Бұған дейін осы кездесуде Тасмағамбетовтің Ресейдің Сириядағы әскери кампаниясы осы елдегі жағдайды "күрт өзгерткенін" айтқаны хабарланған.

Ресей Сирияда әскери операциясын 2015 жылы 30 қыркүйекте бастаған. Биыл наурызда Ресей президенті Владимир Путин Сириядан Ресей әскери техникаларының біразын әкетуге бұйырған. Батыс елдері Ресей әскері Сирияға осы ел президенті Башар Асад билігіне қолдау көрсету үшін кіргізілген деп санайды.

XS
SM
MD
LG