Accessibility links

Тель-Авивте қарулы шабуылдан үш адам қаза тапты


Тель-Авивтің орталығында шабуыл болған жерде жүрген полицейлер. Израиль, 8 маусым 2016 жыл.
Тель-Авивтің орталығында шабуыл болған жерде жүрген полицейлер. Израиль, 8 маусым 2016 жыл.

Тель-Авивтің орталығында атыстан үш адам қаза тауып, жеті адам жараланды. Жаралылардың төртеуінің халі ауыр. Шабуыл жасаған екі адам ұсталды, олардың біреуі жаралы.

Қарулы шабуыл сауда орталығы маңында болған. Полиция шабуылды теракт деп санайды. Израиль телеарнасы палестиндіктер - Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Хеврон түбіндегі елді мекеннен келген ағайынды екі адам оқ атты деп хабарлады.

Израил ьпремьер-министрі Беньямин Нетаньяху қауіпсіздік қызметі жетекшілерімен шұғыл жиын өткізді.

Өткен жылдың қазанында еврей экстремистері Наблус қаласы түбінде үйді өртеп, салдарынан палестиндік отбасының үш адамы, оынң ішінде бір бала қаза тапқан соң Израильде палестиндіктердің көшеде шабуыл жасауы жиілеген.

XS
SM
MD
LG