Accessibility links

Франция парламенті үкіметті Ресейге қарсы санкцияны жоюға шақырды


Француз парламенті жиыны (Көрнекі сурет).
Француз парламенті жиыны (Көрнекі сурет).

Франция парламентінің сенаты үкіметті Ресейге салған экономикалық санкцияларды біртіндеп жоюға шақыратын қарарды қолдап дауыс берді.

Санкцияларды "біртіндеп және ішінара" жою туралы қарарды Францияның социалистік үкіметінің қарсылығына қарамастан сенаттың 302 мүшесі қолдап дауыс берді. Қарарға 16 сенатор қарсылық білдірді. Франция үкіметі санкциялар Украинадағы қақтығысты бейбіт реттеу туралы Минск келісімі толық орындалған соң ғана жеңілдейді дейді.

Қарардың заңдық күші жоқ болғанымен, ол санкцияға қарсылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Еуропа Одағы 2014 жылы Ресейге Украинаға қарсы агрессиясы үшін экономикалық санкциялар жариялағанға дейін Мәскеудің ең ірі сауда әріптесі болған.

Ресей бұған жауап ретінде ЕО-дан азық-түлік импорттауға эмбарго салған. Нәтижесінде, 2015 жылы ЕО-ның Ресейге ауылшаруашылығы өнімдері экспорты 2013 жылмен салыстырғанда 50 пайызға төмендеген.

Францияның авто және азық-түлік компаниялары санкция мен эмбаргодан зардап шегіп, француз саясаткерлерін санкцияны жоюға ықпал ете бастаған.

Франция парламентіндегі ресейшіл депутаттар санкция француз экономикасына зардап шектіріп жатыр деп шағымданып, ЕО Ресейге қатысты саясатында АҚШ-тың айтқанымен жүрмеу керек дейді.

XS
SM
MD
LG