Accessibility links

Қырғызстанда теологқа шабуыл жасады деген айыпты сотталды


Қырғыз теологы, "Дін, құқық және саясат" сараптама орталығының директоры Қадыр Маликов.
Қырғыз теологы, "Дін, құқық және саясат" сараптама орталығының директоры Қадыр Маликов.

Қырғызстан соты танымал қырғыз теологы Қадыр Маликовке шабуыл жасады деген айыпты Әлібек Тілекұлын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Бішкектің Бірінші Май аудандық соты 28 жастағы Әлібек Тілекұлын "жеккөрінішпен өлтірмек болды" деп айыптады. Тілекұлы судья сотта үкім оқып жатқанда орнынан тұрудан бас тартып, араб тілінде сүре оқып тұрды.

"Дін, құқық және саясат" сараптама орталығының директоры Қадыр Маликовке 2015 жылдың 26 қарашасында Бішкекте үйінің жанында шабуыл жасалып, тірі қалған. Шабуылға күдіктілер Тілекұлы мен Ырысқұл Бейшеналиев Түркияда ұсталған. Қырғызстан билігі оларды Сирияға "Ислам мемлекеті" ұйымына қосылуға бармақ болды дейді. Тілекұлы Қырғызстанға биыл наурызда экстрадицияланған.

Қырғыз билігі жүздеген қырғыз азаматы Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" ұйымы жағында соғысып жүр дейді.

XS
SM
MD
LG