Accessibility links

Оралда "таяқ, арматура ұстаған" 17 адам ұсталғаны хабарланды


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Оралда 10 маусымға қараған түні Асан елді мекеніне бірнеше көлікпен бара жатқан 17 адам ұсталды. Жергілікті "Мой город" веб-сайтының экстремизммен күрес жедел штабындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, көліктерді тексеру кезінде "5 бейсбол таяқшасы мен арматура табылған". Дереккөзінің мәліметінше, топ адам өздерінің таныстарынан көлігін тартып алған белгісіз бір адамдармен кездесуге бармақ болған.

"Алдын ала жедел-тергеу шаралары барысында дін ұстанбайтын әлдебір адамдардың көлікті тартып алғаны туралы ақпарат расталды. Ықтимал теріс салдарды болдырмас үшін аталған адамдар анықталып, олар жиналатын орын - "Бәйтерек" базарының маңында ұсталды" деген сайт дереккөзі.

Ұсталғандардың "исламның дәстүрлі емес діни ағымдарының бірінің" жақтастары болуы мүмкін екені айтылады. Ұсталғандар Орал ішкі істер басқармасына жеткізілген.

XS
SM
MD
LG