Associated Press (АР) ақпарат агентігінде көптеген жылдар қызмет еткен медиа-менеджер Томас Кент Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті болып тағайындалды.
Томас Кент - кезінде АР агенттігінің Мәскеудегі бюросын, халықаралық ақпарат бөлімін басқарған, басқарушы редактордың орынбасары болған.
Йель университетін бітірген Кент агенттіктің редакциялық және техникалық реформаларын жүргізу ісіне, стратегиялық жоспарлау жұмыстарына, жаңа мультимедиалық қызметін дамытуға араласқан.
Томас Кент Пулитцер сыйлығы қазылары алқасының құрамында болған. Ол журналистика этикасы мәселелерімен айналысады.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия елдері, Таяу Шығыс пен Ресейге хабар тарататын халықаралық бұқаралық ақпарат құралы.