Accessibility links

Ақтөбеде іздеудегі екі күдікті адамның ұсталғаны хабарланды


Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті іздеу жариялаған хабарламадағы Әлібек Ақпанбетовтің суреті.
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті іздеу жариялаған хабарламадағы Әлібек Ақпанбетовтің суреті.

Ақтөбеде 5-6 маусымдағы қарулы шабуылдарға қатысты іздеу жарияланған екі адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми сайтында бүгін, 12 маусымға ауған түні хабарланды.

Ақпаратта Ақтөбе облыстық антитеррорлық штабы іздеудегі Б.Қуанышбаев, А.Ақпанбетов есімді азаматтарды ұстағаны айтылған.

Күдіктілерді ұстау барысында бейбіт тұрғындардан ешкім зардап шеккен жоқ делінген. ҰҚК сайтында "мәселенің анық-қанығы қосымша хабарланатыны" айтылған.

Азаттық тілшісіне тұрғындардың хабарлауы бойынша, 11 маусымда жергілікті уақытпен сағат 23:40 шамасында Жаманқұлов көшесіндегі отбасылық жатақхана тұрғындары екі автобуспен эвакуацияланған. Жатақхана маңындағы үйдегі тұрғындардың бірінің айтуынша, сол маңдағы басқа да үйлерде тұратын адамдарға қауіпсіздік үшін терезеден қарамау тапсырылған. Жатақхана ауласындағы көліктер де алысқа қойылған. Тұрғындар эвакуацияланғаннан кейін жатақхана жанына БТР әкелінген. Тұрғындар жатақхана подъезінің бірінің алдынан жерде жатқан адам денесі байқалғанын айтады. Полицейлер сол маңды лентамен қоршап, тексерген.

Әзірге ҰҚК мәліметі мен тұрғындар айтқан оқиғаның байланысы жайында мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG