Accessibility links

Тоқаев: Орландодағы шабуыл - ислам радикализмінің бір көрінісі


Қазақстан сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Орландо қаласында гей-клубқа жасалған шабуылды "ислам радикализмінің тағы бір көрінісі, фирмалық өнімі" деп атады.

12 маусымға қараған түні Флорида штатының Орландо қаласындағы гей-клубқа қарулы адам басып кіріп, ондағыларға жаппай оқ атып, адамдарды кепілге алған. Шабуылдан 50 адам қаза тауып, 53-і жараланып ауруханаға түскен. Полиция қылмыскер тапаншамен және авоматпен қаруланғанын айтады. Шабуылдаушы әуелде түнгі сағат 2 шамасында клубта оқ атып, сосын көшеге шығып, шұғыл шақырылған полиция қызметкерлерімен атысқан. Бұдан соң ол клубқа қайта кіріп, 30-ға тарта адамды кепілге алған. Полиция шабуылдаушыны полиция атып өлтіріп, кепілдегілердің барлығын босатқан.

Қылмыскердің аты - Омар Седик Матин, 29 жаста. Кейбір ақпараттар бойынша, ол экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымына адал екенін білдірген. Бірақ полиция Матиннің экстремистермен тікелей байланысы барына дәлел жоқ дейді.

АҚШ президенті Барак Обама Орландодағы шабуылды "теракт" және "өшпенділік актісі" деп атады. Обаманың сөзінше, шабуыл "АҚШ-тың нәсілі, ұлты, діні емесе жыныстық өзгешелігіне қарамастан кез-келген азаматына шабуыл барлық америкалыққа шабуыл" екенін еске түсіреді.

XS
SM
MD
LG