Accessibility links

Афанасьев пен Солошенко Киевке оралды


Геннадий Афанасьев пен Юрий Солошенко Киевке келді. 14 маусым 2016 жыл.
Геннадий Афанасьев пен Юрий Солошенко Киевке келді. 14 маусым 2016 жыл.

Мәскеу мен Киев арасында соңғы апталарда екінші рет тұтқын алмасуы аясында еліне оралған екі украиналық - Геннадий Афанасьев пен Юрий Солошенко Ресейде қамауда болғаны жайлы қатқыл пікір білдірді. Олардың бірі Ресейде азапталғанын мәлімдеді, екіншісі Кремль билігінде Владимир Путин отырған кезде Ресей мен Украина жау болып қала береді деп ұйғарғанын айтты.

Бұдан үш апта бұрын Ресейде екі жыл қамауда отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченко Киевке қайтарылған. Афанасьев пен Солошенконы елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қолдау көрсетті деген күдікпен қамалған екі украиналыққа айырбастаған.

"Мен басқа да адамдар сияқты азапталып, қиындық көрдім" деді журналистерге қырымдық фотограф, 25 жастағы Афанасьев. Ол Қырым түбегі аннексияланған соң бірнеше айдан кейін тұтқындалып, "теракт жасауды жоспарлады" деген айыппен жеті жылға сотталған.

Ал украиналық "Заря" өндірістік кәсіпорны" қорғаныс заводының (Полтава) бұрынғы директоры, 73 жастағы Юрий Солошенко "тыңшылық жасады" деген айыппен алты жылға сотталған. Ол айыпты мойындамайды. "Меніңше, Владимир Путин билікте болған кезде Ресей біздің жауымыз болып қала береді. Сондықтан біз Ресей түрмелерінде отырған отандастарымызды босатудың барлық амалын жасауымыз кереу" деді Солошенко.

XS
SM
MD
LG