Accessibility links

Бельгияда терроризмге күдікті 12 адам тұтқындалды


Бельгиялық полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)
Бельгиялық полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Бельгия қауіпсіздік күштері сенбіге қараған түні жүргізген арнайы шара барысында "жаңа террорлық шабуылдар жасауға дайындалған" деген күдікпен 12 адамды ұстаған. Барлығы 40 адамнан жауап алынған. Тінту-тексерулер 16 муниципалитетте, негізінен Брюссель және оның төңірегінде жүргізілген деп хабарланды.

Бельгия федералдық прокуратурасы операция барысында қару-жарақ пен жарылғыш заттар табылмағанын айтады. Бельгияның VTM телеарнасы ұсталғандардың кейбірі Брюссельде осы аптаның соңында шабуылдар ұйымдастырмақ болған деген күдікке ілінгені туралы хабарлады.

Францияда Еуропа футбол чемпионаты өтіп жатуына байланысты Еуропаның көптеген елдерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Биыл 22 наурызда Брюссель әуежайы мен метросына жасалған террорлық шабуылдар салдарынан 32 адам қаза тапқан. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы ол шабуылдарға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG