Accessibility links

БҰҰ: Орталық Азияда босқын саны ондаған есе азайды


Чизу Мацушита, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының аймақтық кеңесшісі. Алматы, 20 маусым 2016 жыл.
Чизу Мацушита, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының аймақтық кеңесшісі. Алматы, 20 маусым 2016 жыл.

Орталық Азияда босқындар саны он бес жылдың ішінде жүз мыңнан үш мыңға дейін азайған. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының аймақтық кеңесшісі Чизу Мацушита Алматыда босқындар күніне арналған жиында мәлімдеді. Оның айтуынша, босқындар санының азаюының түрлі себептері бар.

- Себебі, көп адам өз елінде жағдай жақсарғандықтан елдеріне қайтқан. Бұдан бөлек, біраз адам үшінші елдерге көшті. Сонымен бірге өз отбасын қайта тауып, өзге елдерге кеткен. Көптеген босқындар қабылдаушы елдің азаматтығын алған. Мысалы, Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде өзге елдерге кеткен босқындар Қырғызстан, Түркіменстан және тағы басқа елдердің азаматы атанған, - дейді ол.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының дерегінше, қазір Қазақстанда шамамен 700, Қырғызстанда 400, Тәжікстанда 2 мың босқын бар.

2000 жылы БҰҰ бас ассамблеясы 2001 жылдың 20 маусымынан бастап босқындар күнін атап өту туралы шешім шығарған. Содан бері бұл күні соғыс пен қуғынның салдарынан үйлерін, елін тастауға мәжүр болған отбасылардың тағдыры мен олардың қайрат-жігері жайлы айтылып келеді.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG