Accessibility links

Қарағанды облысында сібір жарасы індеті бары расталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облыстық ветеринарлық зертханасы Шет ауданы Еркіндік ауылында сойылған мал етін тексеріп, онда сібір жарасы індеті болғанын анықтады.

Бүгін Қарағандыда өткен брифингте облыс кімі Шагурашид Мамалинов 20-21 маусымда сегіз адам инфекциялық ауруханаға түскен Еркіндік ауылында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады. Ауылға кіруге, ауылдан шығуға тыйым салынған.

Кеше ауруханаға түскендердің екеуі қайтыс болған. Жергілікті биліктің мәліметінше, ауыл тұрғыны ветеринарлық дәрігерді ескертпей індет жұқтырған сиырды сойып, етін көршілеріне сатқан. Болжам бойынша, тұрғындар індетті малды сойған кезде жұқтырған.

XS
SM
MD
LG