Қырғызстан парламенті шетел азаматтары мен ұйымдарына елде ақпарат құралдарын ашып, ие болуға тыйым салатын заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Құжат сонымен қатар БАҚ-тың шетелден қаржы алуын заңсз деп табады. Заң жобасын 79 депутат қолдап, 30-ы қарсы дауыс берген.
Құжат күшіне енуі үшін әлі екі оқылымда мақұлданып, соңында президент қол қоюы тиіс. Азаматтық белсенділер заңның басты мақсаты - көп жыл бойы елдегі негізгі тәуелсіз ақпарат көзі болып отырған Азаттықтың Қырғыз редакциясын жабу деп, оған қарсылық танытады.