Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты күшейтілген тәртіпте жұмыс істей бастады. Өткен жексенбіде Бұқтырма су қоймасында судың көп келуінен Ертіс өзеніне жіберілетін су көлемі артқан.
Боран ауылының аумағында су басу қаупіне байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.
Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің (ТЖК) мәліметінше, қазір Өскеменде жеті үйдің маңын су басқан.
Құтқарушылар тұрғындарды қырағы болып, өзен-суларға жақындамауды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.